ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті Құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Қаржы
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Функционалды міндеттер

Құрылыс индустриясы, ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз  өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және келісуге қатысу;

салалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізу;

өнеркәсіп салаларын дамыту бойынша ұсыныстарды енгізу;

салалық кәсіпорындармен және қауымдастықтармен өзара іс-қимыл жасау;

құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі саласында мемлекеттік реттеуді жақсарту бойынша ұсыныстарды жасау;

мұрағатқа басқарманың құжаттарын уақытылы беру (тапсыру) жұмысын ұйымдастыру;

индустриялық даму мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің қорытындысын әзірлеуге және дайындауға қатысу;

жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларының мәселелері бойынша салалық (өңірлік) бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларын және басқа да директивті құжаттарды әзірлеуге және келісуге қатысу;

Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Практикалық тәжірибесі: Компьютерде жұмыс істей білуі.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 11.08.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.08.2021 – 20.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

24.08.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ. Кабанбай батыра 32/1

Анықтама алу үшін байланыс

75-48-67