Индустриялық даму комитеті Салааралық үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2022 жылғы 1 ақпанға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Ақпараттық жүйелер
  • Тау-кен ісі
  • Машина жасау
  • Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
  • Қаржы
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Функционалды міндеттер

Жоба менеджері.

Министрліктің басшылығын Үкіметтің отырыстары мен селекторлық мәжілістері және Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығының өңірлерге сапарлары шеңберіндегі материалдармен қамтамасыз ету;

Индустрияландыру картасы бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу, индустриялық-инновациялық жобаларды іріктеу тәртібін әзірлеу;  индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру мониторингі, индустриялық-инновациялық жобаларды қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

Тұжырымдамаларды, жобалардың мақсаттары мен негізгі кезеңдерін әзірлейді және басшылықпен келіседі;

Жобалар бойынша құжаттаманы жүргізеді; Жұмыс жоспарына сәйкес жобаларды іске асыруды ұйымдастырады;

Жобалардың тұсаукесерін дайындайды және жүргізеді; Жобаларға өзгерістер дайындайды және енгізеді;

Жобалар бойынша жұмыстардың орындалу сапасын бақылайды;

Жобаларды орындау барысында кеңестер өткізуге және оларды жоспарлауға бастамашылық етеді;

Жобалар бойынша аралық және қорытынды есептерді қалыптастырады және басшылыққа ұсынады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.08.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.08.2021 – 19.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

23.08.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ. Кабанбай батыра 32/1

Анықтама алу үшін байланыс

75-48-67