ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті Қаржы, әкімшілік жұмысы және қоғамдық коммуникациялар басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)

Функционалды міндеттер

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кадр қызметі функцияларының орындалуын қамтамасыз ету;

"Е-қызмет" жүйеде жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және оны тоқтату рәсімдерін сақтау;

бағалау және конкурстық іріктеуді жүргізу;

қызметкерлерді оқытуды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру;

мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді сақтауын қамтамасыз ету;

тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыру;

конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

жеке құрам, іссапарлар және еңбек демалыстары бойынша бұйрықтарды дайындау, тіркеу және есебін жүргізу;

Комитет бойынша табельдік есепке алуды жүргізу;

еңбек демалысы кестесін құру және оны орындау;

қызметкерлердің жеке ісін жүргізу, оған еңбек қызметімен байланысты өзгерістер енгізу;

конкурстық және тәртіптік комиссия үшін қажетті материалдар әзірлеу;

қызметкерлерді көтермелеуге және марапаттауға ұсыну;

мемлекеттік әкімшілік қызметшінің ант қабылдау рәсімін ұйымдастыру және өткізу;

қызметкерлердің кірістер мен мүлкі туралы декларациялар тапсыруына бақылау жүргізу;

Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік органның кадр қызметінде мүмкіндігінше жұмыс тәжірибесінің болуы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 02.07.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.07.2021 – 14.07.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

20.07.2021

Сұхбаттасу орны

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті, 010000 , Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1

Анықтама алу үшін байланыс

75-49-82