ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мониторингі басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Математика
  • Физика
  • Информатика
  • Химия
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Әлемдік экономика
  • Биотехнология
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Металлургия
  • Машина жасау
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Техникалық физика
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде бағдарламаларды (мемлекеттік, салалық, стратегиялық жоспарларды) іске асыру көрсеткіштерін талдау, іске асыру тетіктерінің тиімділігін бағалау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; Комитет жетекшілік ететін салалар бойынша статистикалық және өзге де деректерді жинау және талдау; тиісті ақпарат пен Комитеттің және Министрліктің шығыс құжаттарын дайындау мақсатында Комитет басшылығының тапсырмаларына сәйкес жетекшілік ететін бағыттар бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету; Комитет жетекшілік ететін салалардың талдамалық қорытындылары мен шолуларын жасау; Басқарма құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;  Басқарма жетекшілік ететін бағыттар бойынша іс-шаралар жоспарларын орындау жөнінде ақпарат жинау және жиынтық материалдар дайындау; бекітілген іс номенклатурасына сәйкес Басқарма құжаттарын уақытылы мұрағатқа өткізу (тапсыру) жұмысын ұйымдастыру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.02.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.02.2021 – 22.02.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

25.02.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1

Анықтама алу үшін байланыс

75-49-82