ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті Құжат айналымы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2022 жылғы 31 мамырға дейін)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Аударылған құжаттардың түпнұсқаға сәйкес келуі тұрғысынан дұрыстығын тексеру, құжаттардың жобаларын редакциялау; мемлекеттік тілдегі құжаттарды сараптау, құжаттарды талдау, аудармалар бойынша есептер мен ақпарат дайындау; Қазақстан Республикасының заңнамасына және Министрлік басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру; Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру; Мемлекеттік тілді енгізуді және дамытуды және Комитетте мемлекеттік тілде іс жүргізуді ұйымдастыру; нормативтік құқықтық актілерді, шығыс құжаттаманы және басқа да құжаттарды редакциялау жөніндегі жұмыстарды орындау; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.02.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1
-
75-49-82