ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті Түсті металлургия және сирек кездесетін металлдар басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Химия
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Механика
- Ядролық физика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Металлургия
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Машина жасау
- Аспап жасау
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Пайдалы қазбаларды байыту
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
Қосымша талаптар
Мүмкіндігінше тау-кен металлургия және/немесе көмір өнеркәсібі саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы.
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметін ұйымдастыру және үйлестіру; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; ақпараттық-талдау материалдарын қорыту және дайындау; тау-кен металлургия өнеркәсібі бойынша мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру және олардың орындалуын үйлестіру; тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және көмір өнеркәсібі) саласындағы жұмыс берушілермен және кәсіподақтармен әлеуметтік серіктестік бойынша жұмысты ұйымдастыру; тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және көмір өнеркәсібі) саласындағы бюджеттік бағдарламаларды сүйемелдеу; Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін мониторингілеу және үйлестіру; индикативті бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; салалық ведомствоаралық комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін үйлестіру және қатысу; Басқарма құзыретіне кіретін салалардағы халықаралық шарттарды орындау; тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және көмір өнеркәсібі) мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу; тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және көмір өнеркәсібі) мәселелері бойынша конгрестерді, форумдарды және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу; инвестициялық және инновациялық жобаларға, тау-кен металлургия өнеркәсібінің (қара металлургия және көмір өнеркәсібі) өндірістік қызметіне, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық жай-күйінің деңгейіне мониторинг жүргізу; тау-кен металлургия өнеркәсібінде (қара металлургия және көмір өнеркәсібі) инновациялық жобаларды жандандыру, жаңа технологиялық салуларды енгізу, жаңа қайта бөлулерді игеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; бюджет қаражатына орындалған ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелеріне мемлекеттік технологиялық сараптама жүргізу және оларды одан әрі өнеркәсіптік игеру және енгізу үшін ұсынымдар беру; қара металлургия және көмір өнеркәсібінің құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету, қорытынды, актілер, құжаттар, анықтамалар мен толлингтік операцияларды беру; Басқармадағы құжаттардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың хаттарының орындалу мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.02.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1
-
75-49-82