ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Химия
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Ядролық физика
- Ақпараттық жүйелер
- Тау-кен ісі
- Металлургия
- Машина жасау
- Электр энергетикасы
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы
Функционалды міндеттер
Басқарманың қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету; Басқарманың құзыретіне қатысты өтініштер мен өзге де құжаттарды қарау, тапсырмалардың (іс-шаралар жоспарын қоса алғанда) уақтылы және сапалы орындалуын бақылау; Басқарма құзыреті шеңберінде ақпараттық, талдамалық және өзге де қажетті материалдарды дайындау; Басқарма құзыреті шеңберінде бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларын және өзге де құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу; арнайы экономикалық аймақтарды құру, оның жұмыс істеуі және тарату саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша нормативтік құқықтық актілерді жасауға қатысу және ұсыныстарды әзірлеу; Арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау және енгізу; Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары мен оны іске асыру бойынша Жалпыұлттық жоспарды дайындау шеңберінде Басқарманың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету; Үкіметтің отырыстарын (Мемлекет басшысының қатысуымен кеңейтілгендерді қоса алғанда), селекторлық мәжілістерін өткізу және Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің және Комитет басшылығының өңірлерге сапарын ұйымдастыру шеңберінде Министрлік пен Комитеттің басшылығы үшін материалдар дайындау; басшылықтың бақылау тапсырмаларының уақытылы орындалуын қамтамасыз ету үшін Басқарманың қызметкерлері арасында міндеттер мен тапсырмаларды үйлестіру; Комитет басшылығы жүктеген өзге де өкілеттілікті жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.12.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, "Transport tower" ғимараты
-
75-49-82