ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қара металлургия және көмір өнеркәсібі басқармасының сарапшысы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Математика
- Физика
- Химия
- Құқықтану
- Экономика
- Механика
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Металлургия
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Машина жасау
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Пайдалы қазбаларды байыту
Функционалды міндеттер
Тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және көмір өнеркәсібі) бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру және олардың орындалуын үйлестіру; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды қарауды ұйымдастыру; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; бизнес-жобалар бойынша салалық қорытындылар дайындау; тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және көмір өнеркәсібі) мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу; тау-кен металлургия өнеркәсібі мәселелері бойынша конгрестерді, форумдарды және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу; салалық ведомствоаралық комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру және қатысу; тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және көмір өнеркәсібі) саласындағы бюджеттік бағдарламаларды сүйемелдеу); Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін мониторингілеу және үйлестіру; тау-кен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық және өндірістік көрсеткіштеріне талдау жүргізу (қара металлургия және көмір өнеркәсібі); тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі (қара металлургия және көмір өнеркәсібі) инновациялық жобаларды жандандыру, жаңа технологиялық салуларды енгізу, жаңа қайта бөлулерді игеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және көмір өнеркәсібі) саласындағы жұмыс берушілермен және кәсіподақтармен әлеуметтік серіктестік бойынша жұмысты ұйымдастыру; қара металлургия және көмір өнеркәсібінің құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету, қорытынды, актілер, құжаттар, анықтамалар мен толлингтік операцияларды беру; Басқарманың құжаттарын мұрағатқа уақытылы беру (тапсыру) бойынша жұмысты ұйымдастыру. Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 16.11.2020
- Нур-Султан қ., Қабанбай батыр 32/1 даңғылы, "Transport tower" ғимараты
-
75-49-82