ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Құжат айналымы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2023 жылғы 3 маусымға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Тау-кен ісі
  • Металлургия
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы

Функционалды міндеттер

Басқарманың жоспарлы құжаттарын әзірлеу; Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің (ЭҚАБЖ ДБ) деректер базасына келіп түсетін хат-хабарларды уақытылы, сапалы өңдеуді және таратуды қамтамасыз ету; келіп түскен құжаттарды қарау, оларды Комитет басқармаларының құзыреті бойынша бөлу және олардың орындалу мерзімін бақылау; құжат айналымына тұрақты мониторинг жүргізу; Қазақстан Республикасы Президентінің, Президенті Әкімшілігінің, Парламенті мен Үкіметінің, сондай-ақ Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмаларының уақытылы орындалуын ерекше бақылау; Қазақстан Республикасы азаматтарының (жеке және заңды тұлғалардың) өтініштері бойынша бақылау; апта сайынғы негізде Министрлік және Комитет басшылығына орындаушылық тәртіп бойынша жиынтық ақпарат ұсыну; Комитетке бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бекітілген жоспарлар мен жұмыстардың іске асырылуына мониторинг жүргізу; Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді келісу (біліктілік талаптары, стандарттар және регламенттер); Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне Комитеттің құзыретіне кіретін бөлікте өзгерістер мен толықтырулар енгізу; Комитеттің құрылымдық бөлімшелерін мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету және өтініштерді тіркеу бөлігінде бақылау; Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, аумақтық департаменттер, ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметінің тиімділігіне функционалдық талдау жүргізу; Комитеттің бөлімшелерінің, аумақтық департаменттердің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың еңбек, атқарушылық және ұйымдастырушылық қызметтерін талдау; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.09.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.09.2020 – 10.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.09.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт тауэр" ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

75-49-82