Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті жеңіл өнеркәсіп басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 11.03.2028 ж. дейін, негізгі қызметкер белгіленген мерзімнен бұрын шығуға құқылы), C-3 санаты, 1 бірлік, № УЛП-1
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Қосымша талаптар
Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Басқарманың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
басқарма құзыретінің шегінде бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларын және басқа да құжаттарды әзірлеу;
басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдарды дайындау;
өз құзыреті шегінде салалық және мемлекеттік бағдарламалар, заң жобалары мен нормативтік құқықтық актілер бойынша қорытындыларды дайындауға қатысу;
жеңіл өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік реттеуді жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларының аясында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу;
жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің орындалу мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру;
Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
n.aitugan@mps.gov.kz
- город Астана, проспект Кабанбай батыра, 32/1, здание «Транспорт Тауэр»
-
8 (7172) 98-33-64