Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті Заң қызметі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және азаматтардың өтініштерімен жұмыс басқармасының басшысы C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

410720

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

Функционалды міндеттер

Әкімшілік рәсімдер мен ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтайды; Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының қарауына келіп түскен тапсырмаларының уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді; Басқарманың құпиялылық режимінің сақталуын қамтамасыз етеді; Басқарма қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылайды; Басқарманың құзыретіне кіретін іс-шаралар бөлігінде бағдарламалық, стратегиялық және операциялық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді; Әзірлеуге қатысады және Басқарма туралы ережеге және басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарына өзгерістер ұсынады; Басқарманың әзірленген жұмыс жоспарын Комитет Төрағасына келісуге ұсынады; Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен лауазымды тұлғаларына жолданған хаттарға, есептерге, жоспарларға және Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де құжаттарға қол қояды; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқармадан шығатын құжаттардың жобаларын келіседі; Басқарманың құзыретіне кіретін ақпарат пен материалдарды Комитеттің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді; Белгіленген штат санының лимиті шегінде басқарудың штат кестесі бойынша Комитет басшылығына ұсыныстар береді; Комитет басшылығына Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату, сондай-ақ оларды көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар береді; Басқарма қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін анықтайды; Жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің орындалу мерзімдеріне, хаттар мен тапсырмалардың орындалуына, Комитет басшылығының тапсырмалары мен тапсырмаларының уақытылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады; Комитет төрағасының немесе оның орнындағы адамның шешімі бойынша Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомствоаралық комиссияларға, семинарларға, жұмыс топтарына және басқа мемлекеттік органдармен бірлескен өзге де іс-шараларға қатысады; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелерге қатысты қолданыстағы заңнаманың қолданылуын түсіндіреді; Өзінің лауазымдық өкілеттіктері шегінде Комитет төрағасының немесе оның орынбасарларының өзге де тапсырмалары мен тапсырмаларын орындайды; Қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілеріне, Әдеп кодексі нормаларының сақталмауына, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға "Мүлдем төзбеушілікті" қамтамасыз етеді; Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауға міндетті; Комитет қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде соттарда, сондай-ақ басқа да ұйымдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің мүдделерін білдіреді; Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Комитетте тұрақты негізде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді үйлестіреді; Құқықтық мәселелер жөніндегі комитеттің қызметкерлеріне кеңес береді; Комитетте жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс- шараларды әзірлейді және іске асырады; Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Комитеттің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Комитеттің атынан түсініктеме дайындайды; Тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Комитет қатысатын даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Комитеттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді; Заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.01.2026 – 30.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

98-34-32