Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті Қаржы және әкімшілік жұмыс басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік), УФИАР-3.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
305232
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Комитеттің алдағы үш жылдық кезеңге арналған барлық бағдарламалары, кіші бағдарламалары бойынша барлық бюджетін жоспарлау;
- Алдағы үш жылдық кезеңге салалық бағдарламалар, кіші бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру және жинақтау, сондай-ақ ағымдағы кезең бойынша бюджетті нақтылау;
- Қажеттілікті негіздей отырып, Комитет бюджетінің жобасын ББК (ведомстволық бюджет комиссиясы), Министрліктің Қоғамдық кеңесіне талқылауға шығару;
- Комитет бойынша бюджеттік өтінімдерді РБК-ға (республикалық бюджет комиссиясы) қол қоюға дайындау және енгізу;
- РБК қорытындысы бойынша барлық салалық бағдарламалар, кіші бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру және жинақтау;
- Бекітілген бағдарламалар бойынша растайтын құжаттарды толық бекіте отырып, мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесі (АЖЖ) электрондық бюджет жүйесінен бюджеттік өтінімдер нысандарын толтыру;
- Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді (ТЖҚ) көрсету бойынша шарттар жасасу кезінде техникалық ерекшелікті әзірлеуге қатысу);
- Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді (ТЖҚ) көрсету бойынша шарттарды келісуге қатысу);
- Тауарларды жеткізу және жұмыстар мен қызметтерді көрсету бойынша орындау актілерін келісуге қатысу;
-МҒТС (мемлекеттік ғылыми – техникалық сараптама), ҰҒК (ұлттық ғылыми кеңес) қорытындысын алуға және ЖҒТК (жоғары ғылыми-техникалық комиссия) күн тәртібіне енгізу үшін материалдар дайындауға қатысу;
-Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық- нысаналы қаржыландыру Қағидаларына және "Ғылым туралы" Заңға сәйкес салалық ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағыттары бойынша конкурстық рәсімдерді өткізуге қатысу;
- Салалық бюджеттік іс-шаралар бойынша шарттар жасасу, бюджеттік өтінімге сәйкестігі тұрғысынан техникалық ерекшелікті тексеру және келісу;
- Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, орталық мемлекеттік органдармен, заңды және жеке тұлғалармен хат алмасуды
жүзеге асыру;
- Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру;
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.moldagalieva@mps.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
98-34-32