ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қаржы және әкімшілік жұмысы басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2021 жылғы 3 сәуiрге дейін)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Функционалдық міндеттеріне сәйкес жұмыс тәжірибесінің болуы.
Функционалды міндеттер
Бухгалтерлік есепке алуды, есептілікті жүргізу; Комитеттің бюджеттік бағдарламаларын орындау және және оларда 1 С Бухгалтерия бағдарламалық қамтамасыз етілудегі бухгалтерлік есептіліктің көрінуі; Комитеттің қаржыландыру жоспарына сәйкес тауарларға, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарға төлем төлеу, жеткізушілермен есептесу; басшылықпен және іс шаралар бойынша жауапты адамдармен орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактураларын келісу және оларға қол қою; Комитет қызметкерлеріне айлық жалақы, қосымша төлемдер мен өтемақыларды, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік төлемдерді, басқа да салықтарды, іссапар шығындарын есептеу және аудару; үнемделген қаражатқа талдау және есептеу жүргізу, сондай-ақ, бюджетті нақтылағаннан кейін Комитеттің қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге арналған өтінімдерді қалыптастыру; бюджет қаражаттарының орындалуы бойынша ақпарат және басқа да есептіліктерді құру, жинақтау және салыстыру; бухгалтерлік есептілікке сәйкес ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептілікті жинақтау және тапсыру; Комитеттің бухгалтерлік және құрылтай құжаттарының сақталуына бақылауды қамтамасыз ету; «1С: бухгалтерия 8.1.» бағдарламалық қамтамасыз етудегі бастапқы бухгалтерлік құжаттарды тарату; мемлекеттік органдармен және басқа да заңды және жеке тұлғалармен Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат алмасуды жүзеге асыру; Комитеттің депозиттік есеп-шотын жүргізу; Басқарма басшысы жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 04.09.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт тауэр" ғимараты
-
75-49-82