«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы
Қостанай облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Металлургия
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Техникалық физика
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Құрылыс
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Пайдалы қазбаларды байыту
- Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
- Геодезия
Функционалды міндеттер
Жетекшілік ететін өнеркәсіптік саласындағы қауіпті өндірістік нысандарда, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау қызметін іске асыру:
-жұмысты жүзеге асыру кезінде ережелер мен нормалардың орындалуына;
-анықталған бұзушылықтарды жою бойынша нұсқамалардың, іс-шаралардың орындалуына;
-апаттар мен жазатайым оқиғаларды зерттеу нәтижелері бойынша комиссиямен ұсынылған іс-шаралардың орындалуына.
Болған апаттар мен жазатайым оқиғалардың себептері мен мән-жайларына техникалық тексеру жүргізу, анықталған қауіпсіздік нормаларын бұрмалаушылықтардың жойылуын талап ету. Өндірістік жарақаттанудың және апаттардың мән-жайларын анықтау және талдау жасау.
Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау жұмыстарын ұйымдастыру; жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік жағдайына талдау жасау.
Комиссия жұмысына қатысу:
- қоймаларда ЖЗ есепке алу, сақтау және болу дұрыстығын тексеру бойынша;
- ЖЗ қолдану кезінде апаттар мен жазатайым оқиғаларды зерттеу бойынша;
- ЖЗ жойылу жағдайларын техникалық зерттеу бойынша.
Құқық қорғау және басқа да бақылаушы органдармен жарылыс жұмыстарының қауіпсіздігін және ЖЗ сақталуын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша өзара қарым-қатынас жасау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінде(МЭТ) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнама талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізу.
МЭТ субъектілерімен энергия аудитін жүргізуіне бақылау жүргізу.
Белгіленген стандарттар мен регламенттерге сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету.
Кіріс құжаттарын, басшылықтың бұйрықтарын, тапсырмаларын және нұсқаулықтарын уақытылы орындау.
Әкімшілік істерді, бөлім бойынша есептерді жүргізу, басшылықпен жүктелген өзге де міндеттерді атқару.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 09.09.2020
- РГУ «Департамент Комитета индустриального развития и промышленной безопасности Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан по Костанайской области», г.Костанай ул.Баймагамбетова д.150
-
8-714-2-50-46-47