«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ қазандық, газ шаруашылықтары, көтергіш құрылыстар және нан өнімдері объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы
Қостанай облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Мұнай газ ісі
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Көлік құрылысы
Функционалды міндеттер
Салынып жатқан, пайдаланылатын және қайта жаңартылатын кәсіпорындарда, қызметтерін тоқтатуына дейін немесе толық жоюына дейін, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды орындалуына қадағалау қамтамасыз ету. Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын, басшылықтың тапсырмаларын, нұсқаулығын, бұйрықтарын, кіріс құжаттарды уақытымен орындау. Бағыныстағы қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кешендік бағдарламаларды және жұмыс жоспарларын орындау. Жетекшілік ететін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қауіпті өндірістік объектілерде, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау әрекетін іске асыру бойынша бөлімнің жұмысын жүргізу. Стандарттар мен регламенттерге сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету. Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жобалық және рұқсат беру құжаттамасын қарау және келісілу. Өнеркәсіптік саласындағы бағынысты кәсіпорындарда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын сақтау тексерісіне, аварияларды тергеу жөніндегі арнайы комиссия жұмысына қатысу. Басшылықпен жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бөлімнің апат, жарақат алу жағдайларын алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру. Жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс – шаралары бойынша ұйғарымдардың орындалуын қамтамасыз ету. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы директивалық құжаттарды орындау және нормативтік құқықтық актілердің жобасына ұсыныстар еңгізу. Өндірістегі авариялардың, болған жазатайым оқиғалардың техникалық тергеуде белгіленген тәртіпте қатысу, кәсіпорындардың басшыларнан анықталған қауіпсіздік нормаларына қатысты бұзушылықтарды жоюын талап ету. Қадағалаудағы ұйымдарда кәсіпорындарда оң тәжірибесін сала отырып өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріндегі ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін еңгізуіне септігін тигізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 09.09.2020
- РГУ «Департамент Комитета индустриального развития и промышленной безопасности Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан по Костанайской области», г.Костанай ул.Баймагамбетова д.150
-
8-714-2-50-46-47