Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті Түсті металлургия және сирек металдар басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік).
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
297585
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бизнес және басқару
- Химия
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Әлемдік экономика
- Механика
- Ядролық физика
- Тау-кен ісі
- Металлургия
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Аспап жасау
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Пайдалы қазбаларды байыту
- Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру
- Биологиялық белсенді қосылыстардың химиялық технологиясы
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Тау-кен металлургия өнеркәсібі (түсті металлургия және сирек металдар) бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру және олардың орындалуын үйлестіру; басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету; асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылау актісін береді; түсті металлургия және сирек металдардың өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу, саланың даму үрдістері мен серпінін айқындау; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды қарауды ұйымдастыру; индикативтік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; тау-кен металлургия саласын дамытудың өңірлік саясатын іске асыруға қатысу; мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға қатысу; бизнес – жобалар бойынша салалық қорытындылар дайындау; тау-кен металлургия өнеркәсібі (түсті металлургия және сирек металдар) мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу); тау-кен металлургия өнеркәсібі мәселелері бойынша конгрестерді, форумдарды және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу; салалық ведомствоаралық комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру және қатысу; тау-кен металлургия өнеркәсібі (түсті металлургия және сирек металдар) саласындағы бюджеттік бағдарламаларды сүйемелдеу; Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін мониторингілеу және үйлестіру; тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу (түсті металлургия және сирек металдар); тау-кен металлургия кешені кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру және мониторингілеу (түсті металлургия және сирек металдар); тау-кен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық және өндірістік көрсеткіштеріне талдау жүргізу (түсті металлургия және сирек металдар); кәсіпорындардың (түсті металлургия және сирек металдар) жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау; тау-кен металлургия өнеркәсібінде инновациялық жобаларды жандандыру, жаңа технологиялық салуларды енгізу, жаңа қайта бөлулерді игеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; бюджет қаражатына орындалған ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелеріне мемлекеттік технологиялық сараптама жүргізу және оларды одан әрі өнеркәсіптік игеру және енгізу үшін ұсынымдар беру; тау-кен металлургия өнеркәсібі (түсті металлургия) саласындағы жұмыс берушілермен және кәсіподақтармен әлеуметтік серіктестік бойынша жұмысты ұйымдастыру; ірі және орта, оның ішінде тоқтап тұрған, өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс орындарын қалпына келтіру және құру мониторингі, халықаралық шарттар мен келісімдердің жобаларын дайындауға қатысу; түсті металлургия және сирек металдар құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету, қорытынды, актілер, құжаттар толлингтік операцияларды беру; Басқарманың құжаттарын мұрағатқа уақытылы беру (тапсыру) бойынша жұмысты ұйымдастыру. Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.moldagalieva@mps.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
983432