ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2023 жылғы 21 мамырға дейін)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Физика
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Механика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Мұнай газ ісі
- Металлургия
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Құрылыс
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында нормативтік құқықтық актілерді, тұжырымдамаларды, дамыту бағдарламаларын, үлгілік келісімдерді әзірлеуге, оларды дамытудың стратегиялық бағыттарын әзірлеуге қатысу;
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына мониторинг жүргізу;
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын қарау;
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіру;
ҚР заңнамасына сәйкес энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
аккредиттеу туралы куәлік алған заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
өз құзіреті шеңберінде энергия үнемдеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық баяндамалар мен материалдар дайындау;
Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 24.08.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт тауэр" ғимараты
-
75-49-82