Химия және металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, 04-00-01.

Мемлекеттік орган

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Қосымша талаптар

«Техникалық ғылымдар және технологиялар» саласындағы (таукен ісі, металлургия, мұнай-газ ісі, аспаптар жасау,  технологиялық  машиналар мен жабдықтар (сала бойынша),   бейорганикалық заттардын химиялық технологиясы, органикалық заттардын химиялық технологиясы, түрлі түсті металлургия зауыттарының механикалық жабдықтары) мамандықтары бойынша білім қажет.

Функционалды міндеттер

Жоғары тұрған органның тапсырмаларын, басшылықтың бұйрықтарын, тапсырмаларын, өкімдерін, кіріс құжаттардың уақытылы орындау. Бақылаудағы қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс жоспарларын және кешенді бағдарламаларын әзірлеу және орындау. Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау қызметін жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізу. Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жобалау және рұқсат беру құжаттамасын дайындау және келісімдеу. Өнеркәсіп салаларындағы кәсіпорындарда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қадағалау. Аварияларды және жазатайым оқиғаларды тексеру бойынша арнайы комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру және қатысу. Таукен қадағалау  және өндірісте қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша директивті құжаттарды орындау және нормативті-құқықтық актілердің жобаларына ұсыныс енгізу. Өндірістегі апаттарға, жазатайым оқиғаларға техникалық тексеру жүргізуге қатысу, кәсіпорын басшыларынан сол сәтте анықталған қауіпсіздік нормаларының бұзылуын жоюды талап ету. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті жақсарту және алдын алу бойынша ұсыныстар енгізу. Алдын алу жұмыстарының нысандары мен тәсілдерін жетілдіру, оның тиімділігін және әрекеттілігін арттыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.08.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.08.2020 – 25.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

26.08.2020

Сұхбаттасу орны

г. Усть-Каменогорск, ул. Бурова, 63

Анықтама алу үшін байланыс

8-(7232)-24-08-21, 24-93-82, 8-777-830-02-24