Тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау-жару жұмыстарының жүргізілуін мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болу кезеңіне 2022 жылғы 17 сәуірге дейін)
Шығыс Қазақстан облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
«Техникалық ғылымдар және технологиялар» саласындағы (таукен ісі, металлургия, мұнай-газ ісі, технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша), өнеркәсіптегі электромеханикалық жабдықтар, геология және пайдалы қазбалар кен орнындарын барлау, маркшейдерлік іс, пайдалы қазбаларды байыту) мамандықтары бойынша білім қажет.
Функционалды міндеттер
Жоғары тұрған органның тапсырмаларын, кіріс құжаттарды, өкімдерді, басшылықтың бұйрықтары мен тапсырмаларын уақтылы орындалуын ұйымдастыру. Бақылаудағы қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс жоспарларының және кешенді бағдарламалардың әзірленуін және орындалуын бақылау. Департамент басшылығы бекіту үшін қызметкерлердің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіліктерін әзірлеу және оларды анықтау бойынша ұсыныстар енгізу. Өнеркәсіп саласынының бақыланатын қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау қызметін жүзеге асыру бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жобалау және рұқсат беру құжаттамасын дайындау және келісу. Өнеркәсіптің бақылаудағы салаларындағы кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуын тексерулерді, аварияларды және жазатайым оқиғаларды тексеру бойынша арнайы комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру және қатысу.Департамент, бөлім бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік сұрақтары бойынша материалдардың дайындығын қамтамасыз ету. Басшылықпен жүктелген өзге де міндеттерді орындайды. Бақылаудағы ұйымдарда төтенше жағдайлардың, жарақаттану жағдайларының, апаттардың, жарылғыш материалдарды жоғалтудың алдын алуға бағытталған таукен бақылау органының жұмысын ұйымдастыру. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ұйғарымдамаларды, таукен жұмыстарын дамыту жоспарларын орындау, қауіпсіз жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын орындау, апаттық-құтқару қызметтерінің талаптарын орындау, өндіріс мамандарының өмірі мен денсаулығына қауіп туған кезде шұғыл шараларды қабылдау, жазатайым оқиғалар мен апаттарды тексеру нәтижелері бойынша комиссия шешімдерін орындау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ғылыми-зерттеу жоспарларын орындау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру. Таукен қадағалау және өндірісте қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша директивті құжаттарды орындау және нормативті-құқықтық актілердің жобаларын жасау. Өндірістегі апаттарға, жазатайым оқиғаларға техникалық тексеру жүргізуге қатысу, кәсіпорын басшыларынан сол сәтте анықталған қауіпсіздік нормаларының бұзылуын жоюды талап ету. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті жақсарту және алдын алу бойынша ұсыныстар енгізу. Алдын алу жұмыстарының нысандары мен тәсілдерін жетілдіру, оның тиімділігін және әрекеттілігін арттыру. Бақылаудағы кәсіпорындардағы тиімді жұмыс тәжірибесін, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ғылым мен техника жетістіктерін енгізу. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын ұсыну және директивтік құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.08.2020
- г. Усть-Каменогорск, ул. Бурова, 63
-
8-(7232)-24-08-21, 24-93-82,8-777-830-02-24,