ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті Электротехникалық және ауыр машина жасау басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

466135

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Механика
  • Машина жасау
  • Авиациялық техника және технологиялар
  • Теңіз техникасы мен технологиялар
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
  • Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметін ұйымдастыру және үйлестіру; саланың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізу; басқарма құзыреті шегінде бағдарламаларды, ісшаралар жоспарларын және басқа да құжаттарды әзірлеу; басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалы материалдарды дайындау; өз құзыреті шегінде салалық және мемлекеттік бағдарламалар, заң жобалары мен нормативтік құқықтық актілер бойынша қорытындыларды дайындауға қатысу; басқармадағы құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; электротехникалық және ауыр машина жасау саласында мемлекеттік реттеуді жақсарту бойынша ұсыныстарды жасау; электротехникалық және ауыр машина жасаудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға өз құзыреті шегінде қатысу; Жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің орындалу мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.12.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.12.2024 – 20.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64