ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
466135
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Механика
- Автоматтандыру және басқару
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Мұнай газ ісі
- Металлургия
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Техникалық физика
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Құрылыс
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- Қатты отынның химиялық технологиясы
- Электроника және телекоммуникация
- Биологиялық белсенді қосылыстардың химиялық технологиясы
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және екінші металлургия) бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру және олардың орындалуын үйлестіру; қара металлургия және көмір өнеркәсібінің өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу, саланың даму үрдістері мен серпінін анықтау; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды қарауды ұйымдастыру; индикативтік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; тау-кен металлургия саласын дамытудың өңірлік саясатын іске асыруға қатысу; мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға қатысу; бизнес-жобалар бойынша салалық қорытындылар дайындау; тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және екінші металлургия) мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу);тау-кен металлургия өнеркәсібі мәселелері бойынша конгрестерді, форумдарды және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу; салалық ведомствоаралық комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру және қатысу; тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және екінші металлургия) саласындағы бюджеттік бағдарламаларды сүйемелдеу; Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін мониторингілеу және үйлестіру; тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және) саласында техникалық регламенттерді әзірлеу; тау-кен металлургия кешені (қара металлургия және екінші металлургия) кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру және мониторингілеу); тау-кен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық және өндірістік көрсеткіштеріне талдау жүргізу (қара металлургия және екінші металлургия); кәсіпорындардың (қара металлургия және екінші металлургия) жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау; тау-кен металлургия өнеркәсібінде инновациялық жобаларды жандандыру, жаңа технологиялық салуларды енгізу, жаңа қайта бөлулерді игеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; бюджет қаражатына орындалған ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелеріне мемлекеттік технологиялық сараптама жүргізу және оларды одан әрі өнеркәсіптік игеру және енгізу үшін ұсынымдар беру; тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және екінші металлургия) саласындағы жұмыс берушілермен және кәсіподақтармен әлеуметтік серіктестік бойынша жұмысты ұйымдастыру; ірі және орта, оның ішінде тоқтап тұрған, өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс орындарын қалпына келтіру және құру мониторингі, халықаралық шарттар мен келісімдердің жобаларын дайындауға қатысу; қара металлургия құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету, қорытынды, актілер, құжаттар, анықтамалар мен толлингтік операцияларды беру; Басқарманың құжаттарын мұрағатқа уақытылы беру (тапсыру) бойынша жұмысты ұйымдастыру. Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.moldagalieva@mps.gov.kz
- Астана, проспект Кабанбай батыра, 32/1, здание «Транспорт Тауэр»
-
98-34-32