ҚР ИИДМ ИДӨҚКД Қарағанды облысы бойынша Әкімшілік-қаржылық жұмыс бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 9-3, уақытша, негізгі қызметшінің 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін бала күту демалысы мерзіміне, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Қарағанды облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Департаменттің заң қызметін қамтамасыз етеді. Департаменттің мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық құралдармен қорғайды. Департаменттің бұйрықтары, өкімдері және басқа да актілері заңнама талаптарының сәйкестігіне заңды бақылауды жүзеге асырады. Департаменттің тексеру актілерінің, хаттамаларының, қаулыларының және өзге де құжаттарының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін заңдық-құқықтық қамтамасыз ету.Анықтама-негіздемелерді және заңды негіздемені талап ететін басқа да қажетті құжаттарды дайындау.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды дайындау.Ұйым қызметкерлеріне әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша жазбаша және ауызша кеңес беруді жүзеге асырады, заң құжаттарын жасауға құқықтық көмек көрсетеді.
Ұйым қызметкерлеріне әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша жазбаша және ауызша кеңес беруді жүзеге асырады, заң құжаттарын жасауға құқықтық көмек көрсетеді. Мемлекеттік мекеме қызметкерлері үшін құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру және өткізу.Мемлекеттік органдардың интернет-порталында, «Төрелік»,«Сот кабинеті» АЖ, «Электрондық құжат айналымы жүйесі» ААЖ, «ТБЖ» ААЖ жұмыстарды жүзеге асырады.
Ұйымның басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелер мен құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеруді, құжаттардың жобаларына бұрыштама қоюды, ұйымның жауапты қызметкерлеріне заңнаманың өзгеруіне байланысты актілерге өзгерістер енгізу немесе күшін жою туралы ұйғарымдар беруді жүзеге асырады.Шарттар жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексереді, шарттар жобалары бойынша келіспеушіліктерді шешу бойынша шаралар қабылдайды.Талап қою жұмысын жүргізеді, дауларды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау жөнінде шаралар қабылдайды.Соттарда мемлекеттік мекеменің мүдделеріне өкілдік етеді.Департаменттің азаматтық, әкімшілік істері бойынша сотта өкілдік етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 100009, Қарағанды қ., Ермеков көш., 126
-
8(7212) 44-24-50, факс 8(7212) 25-33-34