ҚР ИИДМ ИДӨҚКД Қарағанды облысы бойынша Жезқазған өңірі бойынша Тау-кен металлургия саласындағы мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы, (1 бірлік, № 14-3)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Металлургия
  • Геодезия және картография
  • Машина жасау
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Пайдалы қазбаларды байыту

Қосымша талаптар

маркшейдер ісі

Функционалды міндеттер

Жезқазған өңірінің қадағалауға алынған тау-кен, байыту және металлургия, химия (прекурсорлар, ӨҚӘЕУЗ) өнеркәсібінде  қауіпсіз жұмыс жүргізілуіне қадағалауды тексеріс жүргізіп,анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беру арқылы жүзеге асырады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ерекше жағдайларда жеке кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрады немесе оған тыйым салады. Өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қауіпті өндірістік объектідегі аварияларды, жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысады. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруға қатысады. Қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады. Қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды жүргізуге  қатысады. Құрылысқа арналған жобаны келіседі және қауіпті өндірістік объектілердің пайдаланылатын өндірістік ғимараттардың, технологиялық құрылыстардың және техникалық құрылғыларының жай-күйін бақылауды жүзеге асырады; қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарының, технологиялық ғимараттарының сараптамасының уақтылы жүргізілуін бақылайды. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруға қатысады. Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.08.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.08.2020 – 19.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

100009, Қарағанды қ., Ермеков көш., 126

Анықтама алу үшін байланыс

8(7212) 44-24-50, факс 8(7212) 25-33-34