ҚР ИИДМ ИДӨҚКД Қарағанды облысы бойынша Жезқазған өңірі бойынша Мемлекеттік салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы, (1 бірлік, № 13-2, уақытша, негізгі қызметшінің 2021 жылғы 08 желтоқсанға дейін бала күту демалысы мерзіміне, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Қарағанды облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Металлургия
- Геодезия және картография
- Машина жасау
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Құрылыс
- Пайдалы қазбаларды байыту
Қосымша талаптар
маркшейдер ісі
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес және профилактикалық бақылауға және қадағалауға, тексерулерге қатысады,сондай-ақ Жезқазған өңірі бойынша қадағалауға алынған тау-кен және кенге жатпайтын өндірісті, байыту және металлургия, химиялық қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау қызметін жүзеге асырады. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ерекше жағдайларда жеке кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрады немесе оған тыйым салады. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруға қатысады, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың тәжірибелік партиясын өндірістік жағдайларда бақылау және қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссияға қатысады. Бақылаудағы кәсіпорындарда қадағалау қызметін жүзеге асыру, өндірістік ғимараттарды, технологиялық құрылыстарды тексеру және диагностикалауды жүргізу; қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарына, технологиялық құрылыстары мен техникалық құрылғыларына техникалық куәландыруды уақтылы жүргізу; қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарына, технологиялық құрылыстарына, қауіпті техникалық құрылғыларға сараптама жүргізу және өзінің нормативтік қызмет мерзімін өтеген техникалық құрылғыларды уақтылы жаңартуын қадағалауды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 100009, Қарағанды қ., Ермеков көш., 126
-
8(7212) 44-24-50, факс 8(7212) 25-33-34