ҚР ИИДМ ИДӨҚКД Қарағанды облысы бойынша тау-кен және кенге жатпайтын өнеркәсіпті мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы ( 1 бірлік, № 7-8)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Автоматтандыру және басқару
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Металлургия
  • Геодезия және картография
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Пайдалы қазбаларды байыту

Қосымша талаптар

маркшейдер ісі

Функционалды міндеттер

Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша нұсқаманы берумен, сонымен қатар қызметшілердің өміріне қауіп төнген жағдайда немесе апаттық жағдайда жұмысты тоқтата тұру арқылы тексеріс жүргізумен, бақылау астындағы кәсіпорындарының қауіпті өндірістік объектілерінде қауіпсіз өндірістік жұмыс жасауы бойынша қадағалауды жүзеге асырады. Бақылау астындағы кәсіпорындарда, сондай-ақ технологиялық процестерді, технологиялық машиналар мен жабдықтарды, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер, жоспардан тыс тексерулер және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілуіне қатысады. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзыреті шегінде қауіпті өндірістік объектідегі аварияны, авария салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді. Қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асырады. Қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды өткізуге қатысады. Өндірістік жағдайларда жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың тәжірибелік партиясын бақылау және қабылдау сынақтарын өткізу жөніндегі комиссияға қатысады.   2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңы, 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ ҚР Кәсіпкерлік Кодексі, 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексі, Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары; Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары;  Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары; Қауіпті өндірістік объектілердің қалдықты және шөгінді шаруашылықтары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары; Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі; Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі сақталуын қамтамасыз етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.08.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.08.2020 – 19.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

100009, Қарағанды қ., Ермеков көш., 126

Анықтама алу үшін байланыс

8(7212) 44-24-50, факс 8(7212) 25-33-34