ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Химия
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Ядролық физика
- Ақпараттық жүйелер
- Тау-кен ісі
- Металлургия
- Машина жасау
- Электр энергетикасы
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы
Функционалды міндеттер
Саланың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізу; машина жасау саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша оратлық және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын әзірлеуге қатысу; машина жасауды дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды әзірлеуді және дайындауды жүзеге асыру; машина жасау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңнамасына талдау жүргізу; Қазақстан Республикасының Кеден аумағындағы/тыс қайта өңдеу шарттары туралы қорытындылар беру; жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен ұйымдармен өзара іс-қимылды үйлестіру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де міндеттемелерді жүзеге асыру. Практикалық тәжірибесі: Машина жасау саласында мүмкіндігінше жұмыс тәжірибиесінің бар болуы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 24.08.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт тауэр" ғимараты
-
75-49-82