ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті машина жасау басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Механика
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Авиациялық техника және технологиялар
  • Теңіз техникасы мен технологиялар
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану

Қосымша талаптар

Машина жасау саласында мүмкіндігінше жұмыс тәжірибиесінің бар болуы. 

Функционалды міндеттер

Саланың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізу; машина жасау саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша оратлық және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын әзірлеуге қатысу; машина жасауды дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды әзірлеуді және дайындауды жүзеге асыру; машина жасау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңнамасына талдау жүргізу; Қазақстан Республикасының Кеден аумағындағы/тыс қайта өңдеу шарттары туралы қорытындылар беру; жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен ұйымдармен өзара іс-қимылды үйлестіру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де міндеттемелерді жүзеге асыру. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 07.08.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.08.2020 – 18.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

24.08.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт тауэр" ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

75-49-82