ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті Электротехникалық және ауыр машина жасау басқармасының бас сарапшысы (C-4) (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
297585
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Экономика
- Механика
- Машина жасау
- Авиациялық техника және технологиялар
- Теңіз техникасы мен технологиялар
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
- Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Саланың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізу; электротехникалық және ауыр машина жасау саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша оратлық және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын әзірлеуге қатысу; электротехникалық және ауыр машина жасауды дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды әзірлеуді және дайындауды жүзеге асыру; электротехникалық және ауыр машина жасау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңнамасына талдау жүргізу; Қазақстан Республикасының Кеден аумағындағы/тыс қайта өңдеу шарттары туралы қорытындылар беру; жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен ұйымдармен өзара ісқимылды үйлестіру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де міндеттемелерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.moldagalieva@mps.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
8-7172-98-34-32