ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті Өңдеу өнеркәсібі жобалары басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіде 01.03.2026 дейін), C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
297585
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Тау-кен ісі
- Металлургия
- Машина жасау
- Аспап жасау
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес
Функционалды міндеттер
Құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық жоспары шеңберінде Басқарма қызметін ұйымдастыру және үйлестіру; Министрлік басшылығын Үкімет отырыстары, селекторлық кеңестері және Министрлік басшылығының Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өңірлерге сапарлары шеңберінде материалдармен қамтамасыз ету; Министрліктің құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және сараптама жүргізуге қатысу. басқарманың Комитет пен Министрлік басшылығының тапсырмаларын тиімді және уақтылы орындауын қамтамасыз ету; Индустрияландырудың бірыңғай карталары бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іріктеу тәртібін әзірлеу; өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру мониторингі, Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу; басқарудың жетекшілік ететін бағыттары бойынша ұлттық жоба іс-шараларының іске асырылуын қамтамасыз етеді; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.moldagalieva@mps.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
8-7172-98-34-32