ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті Қаржы және әкімшілік жұмыс басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
258893
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Комитеттің дамуға арналған бюджеттерін (облыстық бюджеттерді дамытуға арналған нысаналы трансферттер, бюджеттік кредиттеу, жарғылық капиталды ұлғайту) бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджетті жоспарлау; Алдағы жылға арналған бюджетті қалыптастыру және республикалық бюджетті нақтылау кезінде Комитеттің бюджеттік өтінімін қалыптастыру; Министрліктің Даму жоспарының (БОР) 7- бөлімін Комитеттің барлық бюджеттік бағдарламалары бойынша әзірлеу және оны орындау; Нәтижеге бағытталған бюджет көрсеткіштерінің орындалуына Мониторинг жүргізу. (БОР); Тексеру жүргізу кезінде тексерушілермен, қадағалау органдарымен жұмыс, талап етілетін құжаттамамен толық қамтамасыз ету. Базалық қаржыландыру бойынша есепті дайындау. ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын талдау; Шетелдік іссапарлар бойынша 005, 006 бюджеттік бағдарламаны жоспарлау жане жүргізу; Салалық бюджеттік іс-шаралар бойынша шарттар жасасу, бюджеттік өтінімге сәйкестігі тұрғысынан техникалық ерекшелікті тексеру және келісу, Шарттарды Қазынашылық органдарында тіркеу, мемлекеттік қызмет порталында көрсетілген қызметтер мен жұмыстардың актілерін қабылдау; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да заңды және жеке тұлғалармен хат алмасуды жүзеге асыру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.moldagalieva@mps.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
8-7172-98-34-32