Құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

237596

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Қаржы
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Құрылыс индустриясы, ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі саласында заңнаманы жетілдіруге бағытталған мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсыныстарын әзірлеуге қатысу; мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; жетекшілік ететін өнеркәсіп саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды әзірлеуді және дайындауды жүзеге асыру; жетекшілік ететін өнеркәсіп саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; салалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізу; салалық қауымдастықтармен және кәсіпорындармен өзара іс-қимыл; құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік реттеуді жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.09.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.09.2024 – 16.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-34-32