ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Желателен опыт работы в кадровой службе государственного органа.
Функционалды міндеттер
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кадр қызметі функцияларының орындалуын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және оны тоқтату рәсімдерін сақтау; бағалау және конкурстық іріктеуді жүргізу; қызметкерлерді оқытуды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру; мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді сақтауын қамтамасыз ету; тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыру; конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; жеке құрам, іссапарлар және еңбек демалыстары бойынша бұйрықтарды дайындау, тіркеу және есебін жүргізу; Комитет бойынша табельдік есепке алуды жүргізу; еңбек демалысы кестесін құру және оны орындау; қызметкерлердің жеке ісін жүргізу, оған еңбек қызметімен байланысты өзгерістер енгізу; конкурстық және тәртіптік комиссия үшін қажетті материалдар әзірлеу; қызметкерлерді көтермелеуге және марапаттауға ұсыну; мемлекеттік әкімшілік қызметшінің ант қабылдау рәсімін ұйымдастыру және өткізу; қызметкерлердің кірістер мен мүлкі туралы декларациялар тапсыруына бақылау жүргізу; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 10.03.2020
- Нур-Султан қ., Қабанбай батыр 32/1 даңғылы, "Transport tower" ғимараты
-
75-49-82