ҚР ӨҚМ Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы саясат және мемлекеттік бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік).

Мемлекеттік орган

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

237596

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Авиациялық техника және технологиялар
  • Аспап жасау
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар
  • Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру
  • Биологиялық белсенді қосылыстардың химиялық технологиясы

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; өзінідік ерекшелігі бар тауарларды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Басқарманың жұмыс жоспарларын, алдағы кезеңге арналған операциялық және стратегиялық жоспарларды әзірлеуге қатысу; оларды іске асыру қорытындылары бойынша есептерді ресімдеу; белгіленген тәртіппен өзінідік ерекшелігі бар тауарларды бақылау және лицензиялау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және әдістемелік ұсынымдарды оның ішінде үздік халықаралық тәжірибелерді ескере отырып әзірлеу; өзінідік ерекшелігі бар тауарларды бақылауға және лицензиялауға қатысты басқа мемлекеттік органдар әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қорытындылар дайындау; жетекшілік ететін төраға орынбасарының шешімі бойынша транзитке, кері экспортқа, үшінші тұлғаларға беруге рұқсат беру, кепілдік міндеттемелер (түпкілікті пайдаланушы сертификаттары), тауарлардың, өзінідік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау және жөніндегі қызметтің жекелеген түрлері кезінде біліктілік және рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу; лицензиаттар мен екінші санаттағы рұқсат иелерінің белгіленген біліктілік және рұқсат беру талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру; белгіленген тәртіппен өзінідік ерекшелігі бар тауарларды бақылау және лицензиялау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және әдістемелік ұсынымдарды оның ішінде үздік халықаралық тәжірибелерді ескере отырып әзірлеу; лицензиаттардың Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы заңнамасын бұзғаны туралы хаттамалар жасауы; өзінідік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша сот процестеріне қатысу; рұқсат беру құжаттары саласындағы комиссиялардың, комитеттердің, жұмыс топтарының жұмысы үшін есептер, баяндамалар және өзге де құжаттарды дайындау; экспорт және импорт кезінде лицензиялауға жататын өнімдердің тізімдерін әзірлеуге қатысу; жетекшілік ететін төраға орынбасарының шешімі бойынша өзінідік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытындылар беру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.07.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.07.2024 – 25.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-34-32