ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік).
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
237596
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Авиациялық техника және технологиялар
- Аспап жасау
- Электр энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Қаржы
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар
- Мемлекеттік басқару
- Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру
- Биологиялық белсенді қосылыстардың химиялық технологиясы
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; Басқарманың жұмыс жоспарларын, алдағы кезеңге арналған операциялық және стратегиялық жоспарларды әзірлеуге қатысу; оларды іске асыру қорытындылары бойынша есептерді ресімдеу; Жетекшілік ететін төраға орынбасарының шешімі бойынша белгіленген тәртіппен өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау және лицензиялау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және әдістемелік ұсынымдарды шығару жөніндегі үздік халықаралық тәжірибелерді ескере отырып әзірлеуге қатысу; Жетекшілік ететін төраға орынбасарының шешімі бойынша өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауға және лицензиялауға қатысты басқа мемлекеттік органдар әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қорытындылар дайындауға қатысу; транзитке, кері экспортқа, үшінші тұлғаларға беруге рұқсат беру, кепілдік міндеттемелер (түпкілікті пайдаланушы сертификаттары), тауарлардың, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың және жекелеген қызмет түрлерінің экспорты мен импортын лицензиялау кезінде біліктілік және рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу; тауарлардың өзіндік ерекшелігі бар тауарларға тиесілігін белгілеу және олардың санаттарын (ядролық материалдар, қондырғылар мен жабдықтар, материалдар, химиялық заттар, микроорганизмдер мен токсиндер, материалдарды өңдеу, электроника, компьютерлік технологиялар, телекоммуникациялар және «ақпараттық қауіпсіздік») анықтау арқылы нақты тауарларды сәйкестендіруді жүзеге асыру , датчиктер мен лазерлер, навигациялық жабдық және авиациялық техника, теңіз, қозғалыс жүйелері, ғарыш аппараттары және олармен байланысты жабдықтар, ұлттық қауіпсіздік шеңберінде бақыланатын өнімдер); лицензиаттар мен екінші санаттағы рұқсат иелерінің белгіленген біліктілік және рұқсат беру талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру; лицензиаттардың Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы заңнамасын бұзғаны туралы хаттамалар жасауы; экспорттық бақылау және лицензиялау мәселелері бойынша сот процестеріне қатысу; рұқсат беру құжаттары саласындағы комиссиялардың, комитеттердің, жұмыс топтарының жұмысы үшін есептер, баяндамалар және өзге де құжаттарды дайындау; экспорт және импорт кезінде лицензиялауға жататын өнімдердің тізімдерін әзірлеуге қатысу; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытындылар беру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-34-32