ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру басқармасының басшысы, санаты C-3, (1 бірлік).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

427817

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Авиациялық техника және технологиялар
  • Аспап жасау
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Қаржы
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар
  • Мемлекеттік басқару
  • Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру
  • Биологиялық белсенді қосылыстардың химиялық технологиясы

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметін ұйымдастыру және үйлестіру; Жетекшілік ететін төраға орынбасарының шешімі бойынша өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау және лицензиялау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау және лицензиялау мәселелері бойынша семинарлар өткізу; лицензиаттар мен 2-санатты иелердің белгіленген біліктілік және рұқсат беру талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру; лицензиаттардың Қазақстан Республикасының лицензиялау саласындағы заңнамасын бұзғаны туралы хаттамалар жасау; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау және лицензиялау мәселелері бойынша сот процестеріне қатысу; шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі шараларды әзірлеу; экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссия отырыстарына қатысу; заңнаманы қолдану практикасын талдау және қорыту;екінші санаттағы лицензиялар мен рұқсаттарды беру кезінде біліктілік және рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу;жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.07.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.07.2024 – 26.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-34-32