«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті, Әкімшілік-қаржылық жұмыс бөлімінің бас маманы-есепші, С-О-5 санаты, 1 бірлік, төменгі лауазым
Түркістан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Құқықтану
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Қаржы операцияларын қамтамасыз етеді; қазынашылықтан өзгешіліктер бойынша бюджеттен жұмсалатын шығыстар сметасының орындалуын қамтамасыз етеді; бюджет қаржысының игерілуін қамтамасыз етеді, олардың орындалуына тікелей жауапты болады; бюджет бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді; Департаменттің әкімшілік шығындарын жоспарлау, қажетті құжаттарды дайындау, олардың тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуын қамтамасыз етеді; Департаменттің есеп-қисап жұмыстарына қатысты шараларды ұйымдастырады, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз ету, орындалуына мониторинг жүргізу және бақылауға алады; қаржылардың мақсатты жұмсалуын қадағалайды. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу, Департаменттің жиынтық балансын жасау; қаржы мәселелері саласындағы заңнамалық актілердің, нормативтік құжаттардың, нұсқаулықтардың, ережелердің қолдалынуы бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Компьютерде жұмыс істей білуі (WORD, Excel, Internet), Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі «ЛОТУС» бағдарламасымен, «Е-қызмет» автоматтандырылған бірыңғай ақпараттық жүйесімен, қаржы саласындағы бағдарламалық жүйелермен жұмыс істей білуі.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 13.08.2020
- Түркістан облысы Түркістан қ., Шараф Ниязов көшесі, 78
-
8/72533/ 2-41-36