ҚР ИИДМ ИДӨҚКД Қарағанды облысы бойынша Жезқазған өңірі бойынша Мемлекеттік салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау бөлімінің басшысы (1 бірлік, №13-1)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Қарағанды облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Металлургия
- Геодезия және картография
- Машина жасау
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Құрылыс
- Пайдалы қазбаларды байыту
Функционалды міндеттер
Бөлім жұмысына басшылық етеді. Бөлімнің бас мамандарының лауазымдық міндеттерін орындауына, мемлекеттік қызметкердің әдеп, қызметтік және атқарушылық тәртібін және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауына бақылау жүргізеді.
Өнеркәсіптің бақылаудағы салаларының кәсіпорындарының өндірістік объектілерінде Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамаларының талаптарын, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарын сақтауына тексеріс, профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуді іске асыруын бақылайды және тексеріске қатысуын ұйымдастырады. Жезқазған өңірінің қадағалауға алынған тау-кен және кенге жатпайтын өндірісті, байыту және металлургия, химиялық қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бөлімнің қадағалау қызметін жүзеге асыруын бақылауды ұйымдастырады. Мемлекеттік энергетикалық тізілімге ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын, мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі энергия тұтыну нормативтері мен қуат коэффициентінің нормативтік мәндерінің сақталуын, энергия аудитін жүргізуін бақылауды жүзеге асырады.
Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ерекше жағдайларда жеке кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұруды немесе оған тыйым салуды ұйымдастырады. Жазатайым оқиғалар мен аварияларды тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысуды ұйымдастырады.
Бақылаудағы кәсіпорындарда қадағалау қызметін жүзеге асыру, өндірістік ғимараттарды, технологиялық құрылыстарды тексеру және диагностикалауды жүргізу; қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарына, технологиялық құрылыстары мен техникалық құрылғыларына техникалық куәландыруды уақтылы жүргізу; қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарына, технологиялық құрылыстарына, қауіпті техникалық құрылғыларға сараптама жүргізу және өзінің нормативтік қызмет мерзімін өтеген техникалық құрылғыларды уақтылы жаңарту бойынша жұмысты ұйымдастырады. Қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылдарына және аварияға қарсы жаттығуларға қатысуды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңының сақталуын, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын бақылайды.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында бөліммен жүргізілетін ақпараттық-талдау жұмысты бақылайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- «ҚР ИИДМ ИДӨҚКД Қарағанды облысы бойынша» РММ (100009, Қарағанды қ., Ермеков көш., 126)
-
(87212) 44-24-50, факс (87212) 25-33-34