ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қаржы және әкімшілік жұмысы басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2022 жылғы 1 шiлдеге дейін)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Функционалдық міндеттеріне сәйкес жұмыс тәжірибесінің болуы.
Функционалды міндеттер
Комитеттің бюджетін жоспарлау; алдағы жылға бюджетті калыптастыру және республикалық бюджетті нақтылау кезінде Комитеттің бюджеттік өтінімін қалыптастыру; Комитеттің жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу; Комитеттің мемлекеттік сатып алуын ұйымдастыру; өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерімен жасалатын шарттар жобаларын әзірлеу және көрсетілген қызметтер актілерін қабылдау; Министрліктің Стратегиялық жоспарының 7-бөлімін әзірлеу және оны орындау; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, орталық мемлекеттік органдармен және басқа да заңды және жеке тұлғалармен хат алмасуды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру; орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің актілерін келісу және оларға қол қою; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 30.07.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр данғылы, 32/1, "Транспорт тауэр" ғимараты
-
75-49-82