ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Индустриялық-инновациялық жобалар мониторингі және цифрландыру басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2022 жылғы 1 ақпанға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Ақпараттық жүйелер
  • Құрылыс
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзыреті шеңберінде ақпараттық, талдамалық және өзге де қажетті материалдарды дайындау; басқарма құзыретіне кіретін салалық (өңірлік) бағдарламаларды,  іс-шаралар жоспарлары мен басқа да нормативтік және директивтік құжаттарды әзірлеуге қатысу және олар бойынша тиісті қорытындылар ұсыну; Инвестициялық жобалар туралы ақпаратты өңдеу және жинауды ұйымдастыру; Индустрияландыру картасы бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу, индустриялық-инновациялық жобаларды іріктеу тәртібін әзірлеу; жобаларды қолдау шараларын жасау; Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы шеңберінде  инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жасау; жобаны экономикалық мақсатқа сай талдау және қорытындылау; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат жобаларын (есеп берулер, жауаптары және т.б.) және ақпарат дайындау; Комитет және басқарма басшылығы белгілеген өзге де өкілеттілікті жүзеге асыру; «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіпке цифрландыру элементтерін (Индустрия 4.0) енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асырудың тиімділігін талдауды жүргізу; кәсіпорындарда 4.0 Индустрия элементтерін енгізу бойынша статистикалық көрсеткіштердің мониторингін жүргізу; өңірлерді цифрландыру жобаларын іске асыру мониторингін жүргізу; модельді сандық фабрикаларды құру бойынша жобаны іске асыруды сүйемелдеу; модельді цифрлық фабрикалар құру бойынша жобаның тиімділігіне талдау және өнеркәсіпті цифрландыру бөлігінде НҚА жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді жүргізу (кедергілерді анықтау және анықталған кедергілерді жою бойынша ұсынымдар әзірлеу); өнеркәсіпті цифрландыруды мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ұсыныстар әзірлеу; жүргізілетін жұмысты ақпараттық сүйемелдеу және цифрландыру тақырыбы бойынша дөңгелек үстелдер, практикалық семинарлар өткізу (Индустрия 4.0).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.07.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.07.2020 – 27.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

30.07.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр данғылы, 32/1, "Транспорт тауэр" ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

75-49-82