Құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының басшысы санаты C-3 (1 бірлік).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Қаржы
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру; салалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізу; басқарма құзыреті шегінде бағдарламаларды, ісшаралар жоспарларын және басқа да құжаттарды әзірлеу; басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалы материалдарды дайындау; өз құзыреті шегінде салалық және мемлекеттік бағдарламалар, заң жобалары мен нормативтік құқықтық актілер бойынша қорытындыларды дайындауға қатысу; басқарманың қарамағындағы құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі саласында мемлекеттік реттеуді жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу; өз құзыреті шегінде құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу; жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің орындалу мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.04.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.04.2024 – 08.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-34-32,