Қаржы және әкімшілік жұмыс басқармасының бас сарапшысы, (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 31.07.2025 ж. дейін), санаты C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Қаржы
Қосымша талаптар
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (экономика және/немесе есеп және аудит және/немесе қаржы және/немесе құқықтану); педагогикалық ғылымдар (қазақ тілі және әдебиеті).
Функционалды міндеттер
Комитеттің мемлекеттік сатып алудың (МС) жылдық жоспарын жасау және бекіту; - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу және Комитеттің МС веб-порталында орналастыру; - Комитеттің МС жоспарын орындау; - МС жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Комитеттің МС веб-порталында орналастыру; - Комитеттің МС порталында өткізілген сатып алу қорытындысы бойынша есептілікті жасау және тапсыру; -Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу; - сатып алынатын қызметтер, жұмыстар туралы нарықтық зерттеулер жүргізу; - сатып алу іс-шаралары үшін техникалық құжаттаманы әзірлеу; - алдағы ашық конкурстар, аукциондар бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу; -тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссияның құрамы туралы бұйрықты дайындау; - МС веб-порталында сатып алу туралы хабарландыруларды орналастыру. - МС веб-порталында қорытындыларға сәйкес жеткізушілермен шарттар жасасу; - қазынашылық органдарында шарттарды тіркеу; - шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерін бақылау және мониторингілеу (оның ішінде: шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу, тауарларды жеткізу және қызметтер мен жұмыстарды орындау, тұрақсыздық айыбы мен өсімпұлды қою, талапарыз беру үшін құжаттама топтамасын ұсыну); - МС порталында орындалған жұмыстар, қызметтер және тауарларды жеткізу актілерін қабылдау және бекіту; - басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да заңды және жеке тұлғалармен хат алмасуды жүзеге асыру; - Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр»
-
(8-7172) 98-34-32