ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Жеңіл өнеркәсіп басқармасының (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 04.10.2021 ж. дейін) бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Экономика
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы
Функционалды міндеттер
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсіп саласындағы заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарын әзірлеуге қатысу; жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсіпті дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар әзірлеуді және дайындауды жүзеге асыру; жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсіп саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына талдау жүргізу; Қазақстан Республикасының кеден аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы қорытындыларды беру; мемлекеттік органдармен және ұйымдармен жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жүргізу; жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсіпті дамытуды қалыптастыру және ынталандыру бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нур-Султан қ., Қабанбай батыр 32/1 даңғылы, "Transport tower" ғимараты
-
75-49-82