Главный специалист отдела административно-финансовой работы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Маңғыстау облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Бухгалтерлік есепке алудың мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша шығыстар сметасын орындауды есепке алуды жүзеге асыру. Бюджеттік міндеттерге сәйкес сметалармен көзделген бюджеттік жіктеуіштің кодтары бойынша (бағдарламалар, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер) шығыстар жүргізу. Құжаттардың уақытылы және дұрыс құрылуына және жасалатын операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру. Ақшалай қаражатты, есептеулерді және материалдық құндылықтарды түгендеу жүргізу, түгендеу нәтижелерін уақытылы және дұрыс анықтау және оларды есепте көрсету. Бюджеттік бағдарламалар бойынша негіздері және оларға үш жылға арналған есептеулері бар бюджеттік өтінімдерді әзірлеу. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге өтінімдер жасау. Құрама және жеке қаржыландыру жоспарларын жасау. Бюджетті орындау және бюджеттік жоспарлау бойынша орталық уәкілетті органдар белгілеген қаржылық есептілікті жасау. Заңнамалық актілерге сәйкес негізгі құралдарды баланстан шығаруды келісу, шығару. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен активтерді баланстан балансқа ауыстыруды келісу. Қоймалық есепті жүргізу. Департамент бойынша тауарлық-материалдық құндылықтарды жылдық түгендеуді жүргізу. Өз құзыреті шеңберінде азаматтардан түскен хаттарды,шағымдарды жәнем арыздарды заңдылықта белгіленген тәртіппен Департамент басшысының тапсырмасына сәйкес қарау. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. Ақпараттарды өңдеу, талдау мен есепті орындау және іскерлік хат алмасу. Алдағы жылға тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын дайындау. Алдағы жылға сатылып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердіңноменклатурасын қалыптастыру. Және оны Веб-порталға орналастыру. Ағымдағы жылы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің номенклатурасын орындау. Сәйкес құжаттарды дайындаумен тауарларды, жұмыстар мен ұқызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына өзгерістер енгізу. Тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алу бойынша конкурстық құжаттарды бекіту үшін жасақтау және дайындау. Бюджеттік бағдарламалар бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу. Тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу бойынша бекітілгент конкурстық құжаттарға талап етілетін жағдайда өзгерістерді дайындау және енгізу. Тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды өткізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 14.07.2020
- 130000, Мангистауская область, г. Актау, 3б микрорайон, 16 здание, 4 этаж
-
8 (7292) 52-66-93, 50-98-50