Әкімшілік-қаржылық жұмыс бөлімінің басшысы (уақытша 19.04.2022 жылға дейін негізгі қызметшінің бала күту үшін алған демалыс кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Бөлім қызметтеріне басшылық ету. Департаменттің құқықтық қамтамасыз ету жұмыстарын және бөлімнің бұғалтерлік, қаржылық, кадр бойынша жұмыстарын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы және еңбек заңнамасын сақтайды, қызметтік құжаттарды орындауын қадағалап, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚРЗ, «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының сақталуына бақылау жүргізеді (іс-жүргізу жөніндегі Нұсқаулықтардың сақталуын қадағалау, құжат айналымы жұмыстарын ұйымдастыру бойынша регламентін әзірлеу).

Мемлекеттік сатып алу іс – шараларын жоспарлауға қатысу, мелекеттік сатып алу бойынша келісім-шарттар және өтінімдерді есепке алу журналын жүргізу, мемлекеттік сатып алу электрондық веб-порталындамемлекеттік сатып алуды жүргізу. Өткізілетін конкурстар бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастыру. Есептілік, есеп беру және басқа да нормативтік құжаттар мәселелері бойынша ережелердің, нұсқаулықтардың, әдістемелік нұсқаулардың жүйеленген есебін жүргізу. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін қадағалау. Қолданыстағы заңнаманы қолдануын түсіндіру. Кадрлық жұмыстарды атқару; штаттық сан бойынша есепке алу жүргізу; Департамент бөлімдерін уақытылы жинақтау үшін штаттық кестеге сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қажетті санымен талап етілетін кәсібі, біліктілігі және мамандығы бойынша мемлекеттік қызметкерлерге конкурсттық іріктеу өткізу; кадрларды пайдалану тиімділігін, кәсіби біліктілігін арттыру және оңтайландыру жөнінде шараларды әзірлеуге қатысу. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстар өткізу. Департаменттің заң қызметін қамтамасыз етеді, Департаменттің мүдделерін, мүліктік және өзге де заңды құқықтарын құқықтық құралдармен қорғайды. Департамент бұйрықтарын, тексеріс туралы актілердің заңнама талаптарына сәйкестігін заңд қадағалау. Басшылықпен жүктелген өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.

Жарияланған күні: 22.06.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.06.2020 – 25.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    29.06.2020

    Сұхбаттасу орны

    110000 г. Костанай, ул. Баймагамбетова, дом 150

    Анықтама алу үшін байланыс

    8(7142) 50-02-04,
    8(7142)  50-12-62