Индустриялық даму комитеті Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Кеден ісі
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Ядролық физика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Авиациялық техника және технологиялар
- Аспап жасау
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Техникалық физика
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті
органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Мүмкіндігінше ағылшын тілін білуі.
Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; Басқарманың
Жол картасын, алдағы кезеңге арналған операциялық және стратегиялық
жоспарларын әзірлеуге қатысу;
оларды іске асыру қорытындылары бойынша есептер ресімдеу; лицензиялау
және экспорттық бақылау саласында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын
және әдістемелік ұсынымдарды, соның ішінде үздік халықаралық тәжірибені ескере
отырып, белгіленген тәртіппен әзірлеу;
экспорттық бақылауға және лицензиялауға қатысты басқа мемлекеттік органдар
әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қорытындылар дайындау;
өнімдердің Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге транзитіне,
реэкспортына, қайта өңдеуге рұқсат беруді, кепілдемелік міндеттемелерді
(түпкілікті тұтынушы сертификаттарын) беру кезінде біліктілік және рұқсат
талаптарына сәйкестігіне бақылау жүргізу;
тауарлардың, өнімдердің және жекелеген қызмет түрлерінің экспорты мен
импортын лицензиялау;
лицензиаттардың және екінші санатты рұқсат иелерінің белгіленген біліктілік
және рұқсат талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
лицензиаттардың Қазақстан Республикасының рұқсаттама және хабарлама
саласындағы заңнамасын бұзғандығы туралы хаттамалар толтыру;
экспорттық бақылау және лицензиялау мәселелері бойынша сот процестеріне
қатысу;
рұқсат құжаттары саласындағы комиссиялардың, комитеттердің, жұмыс
топтарының жұмысы үшін есептер, баяндамалар және өзге де құжаттар дайындау;
экспорт және импорт кезінде лицензиялауға жататын өнімнің тізімін әзірлеуге
қатысу;
тауарларды, жұмыстарды, ақпараттарды экспорттық бақылауға жататын
өнімдерге жатқызу туралы қорытындылар беру;
Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
s.rsymbetova@miid.gov.kz
- Астана қ. Қабанбай батыр данғылы 32/1 (Онлайн)
-
983-359