ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті машина жасау басқармасының сарапшы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Механика
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Авиациялық техника және технологиялар
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
Функционалды міндеттер
Саланың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізу; машина жасаудың ірі және орта кәсіпорындарының өндірістік қызметінің мониторингін өткізу; жетекшілік ететін салалардың өнімдеріне кеден баж салығын пайдалануды жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау; Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен (бұдан әрі – ТМД) және алыс шетелдермен экономикалық байланыстарды дамыту бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Мұрағатқа басқарманың құжаттарын уақытылы беру (тапсыру) жұмысын ұйымдастыру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де міндеттемелерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 06.07.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт тауэр" ғимараты
-
75-49-82