ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті атом энергиясын пайдалану объектілерін мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Техникалық физика
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметін ұйымдастыру және үйлестіру; жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларының қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қадағалау қызметін жүзеге асыру бойынша Басқарманың жұмысын ұйымдастыру; жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларының қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жобалық және рұқсат беру құжаттамасын келісу бойынша, қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; бақылаудағы өнеркәсіп салалары кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуына тексерістер ұйымдастыру және оларға қатысу; өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша алқалық және ведомствоаралық мәжілістер өткізуге арналған материалдардың дайындалуын бақылау; Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсету; жеке және заңды тұлғалардың хаттарының орындалу мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.03.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нур-Султан қ., Қабанбай батыр 32/1 даңғылы, "Transport tower" ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

754530, 754982