ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті автокөлік өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Механика
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Машина жасау
- Жылу энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
Функционалды міндеттер
Саланың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізу;
автомобиль жасау, арнайы техника және ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша оратлық және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын әзірлеуге қатысу;
автомобиль жасау, арнайы техника және ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды әзірлеуді және дайындауды жүзеге асыру;
автомобиль жасау, арнайы техника және ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңнамасына талдау жүргізу;
Қазақстан Республикасының Кеден аумағындағы/тыс қайта өңдеу шарттары туралы қорытындылар беру;
жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен ұйымдармен өзара іс-қимылды үйлестіру;
Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де міндеттемелерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 20.02.2023
- Астана қ. Қабанбай батыр данғылы 32/1 (Онлайн)
-
983-359