ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Жергілікті қамтуды дамыту басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Металлургия
- Машина жасау
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мүмкіндігінше ағылшын тілін білуі
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметін ұйымдастыру және үйлестіру; басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды жүзеге асыру; жергілікті қамтуды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын ұйымдар мен мемлекеттiк органдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердi сатып алуы кезiнде жергілікті қамту үлесiн ұлғайту жөнiнде шаралар дайындау және мемлекеттiк саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету; жергілікті қамту мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың , жергілікті атқарушы органдардың қызметiн үйлестiруді және әдiснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; басқарма қызметінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша ұсыныстар дайындау; реттеу саласындағы бағдарламалық құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді келісу; жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің орындалу мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 17.06.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, "Транспорт тауэр" ғимараты
-
75-49-82