ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті қара металлургия басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2023 жылғы 1 шiлдеге дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
  • Математика
  • Физика
  • Химия
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Механика
  • Ядролық физика
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Машина жасау
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Пайдалы қазбаларды байыту
  • маркшейдрлік ісі

Функционалды міндеттер

Тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және екінші металлургия, көмір өнеркәсібі) бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру және олардың орындалуын үйлестіру қара металлургия және көмір өнеркәсібінің өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу, саланың даму үрдістері мен серпінін анықтау Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды қарауды ұйымдастыру индикативтік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу тау-кен металлургия саласын дамытудың өңірлік саясатын іске асыруға қатысу  мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға қатысу  бизнес-жобалар бойынша салалық қорытындылар дайындау тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және екінші металлургия, көмір өнеркәсібі) мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу) тау-кен металлургия өнеркәсібі мәселелері бойынша конгрестерді, форумдарды және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу салалық ведомствоаралық комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру және қатысу тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және екінші металлургия, көмір өнеркәсібі) саласындағы бюджеттік бағдарламаларды сүйемелдеу Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін мониторингілеу және үйлестіру тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және көмір өнеркәсібі) саласында техникалық регламенттерді әзірлеу тау-кен металлургия кешені (қара металлургия және екінші металлургия, көмір өнеркәсібі) кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру және мониторингілеу) тау-кен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық және өндірістік көрсеткіштеріне талдау жүргізу (қара металлургия және екінші металлургия, көмір өнеркәсібі) кәсіпорындардың (қара металлургия және екінші металлургия, көмір өнеркәсібі) жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау тау-кен металлургия өнеркәсібінде инновациялық жобаларды жандандыру, жаңа технологиялық салуларды енгізу, жаңа қайта бөлулерді игеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бюджет қаражатына орындалған ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелеріне мемлекеттік технологиялық сараптама жүргізу және оларды одан әрі өнеркәсіптік игеру және енгізу үшін ұсынымдар беру тау-кен металлургия өнеркәсібі (қара металлургия және екінші металлургия, көмір өнеркәсібі) саласындағы жұмыс берушілермен және кәсіподақтармен әлеуметтік серіктестік бойынша жұмысты ұйымдастыру ірі және орта, оның ішінде тоқтап тұрған, өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс орындарын қалпына келтіру және құру мониторингі, халықаралық шарттар мен келісімдердің жобаларын дайындауға қатысу қара металлургия және көмір өнеркәсібінің құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету, қорытынды, актілер, құжаттар, анықтамалар мен толлингтік операцияларды беру Басқарманың құжаттарын мұрағатқа уақытылы беру (тапсыру) бойынша жұмысты ұйымдастыру  Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.01.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.01.2023 – 27.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қ. Қабанбай батыр данғылы 32/1 (Онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

983-359